"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" "қанды алаңда таңбаланған тарихи күнді ұмыту мүмкін емес" » Сұптай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұптай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" "қанды алаңда таңбаланған тарихи күнді ұмыту мүмкін емес"
14
декабрь
2023

"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" "қанды алаңда таңбаланған тарихи күнді ұмыту мүмкін емес"

Жетісу облысы, Панфилов аудан "Сұптай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.12-желтоқсан "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" атты кездесу кеші мәдениет және мәдениет фракциясының ұйымдастыруымен 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау үшін ұйымдастырылған кездесу кешіне Үмбетбаев Болат Құрманжанұлы,Ноғаев Серік Тұрсынұлы, Ибрайымжанов Қали ағаларымыз тарихи оқиғаға қатысты қиын сәттерді еске алып, желтоқсаншы сол кездегі жастардың жанқиарлық ерліктерімен бөлісті. 
Мақсаты:Желтоқсан көтерлісінің сипатын аша отырып, тәуелсіздік бастауы ызғарлы желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру. 
Өткен күннің көрнісін суреттеген бұл кездесу де өте әсерлі өтті. "Иә,қанды алаңда  таңбаланған тарихи күнді ұмыту мүмкін емес" -деп өз сөздерін бастаған кеш қонақтары 1986 жылғы 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, естеліктерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді .Өз кезегінде оқушыларымыз тәуелсіздікке тарту ретінде кездесуге келген кеш қонақтарына арнап өз өнерлерін ортаға салды.