“Кәсіби бағдар беру” жобасы бойынша “ Мен таңдаған мамандық” » Сұптай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұптай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Кәсіби бағдар беру” жобасы бойынша “ Мен таңдаған мамандық”
15
январь
2024

“Кәсіби бағдар беру” жобасы бойынша “ Мен таңдаған мамандық”

“ Сұптай орта мектебі” КММ қаңтар айының 12-күні “Кәсіби бағдар беру” жобасы бойынша “ Мен таңдаған мамандық” тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Аталмыш іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс студенті Тайтелиева Құндыз, Букетов атындағы Қарағанды университетінің 1 курс студенті Қалибек Қыдірәлі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс студенті Баймұқа Нұрдана, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің 2 курс студенті Оспанбай Нұрай қатысты. ДТІЖО Құнанбаев Е, педагог-психолог А Қойшыбаева, педагог ұйымдастырушы Жуманова С іс-шараға ат салысты. Іс шараның мақсаты: оқушылардың мамандық таңдау барысына қажетті бағыт- бағдар беру. Іс-шараға 9-10-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар студенттерімізге көкейде жүрген сұрақтарын қойды, және болашақта өздерінің қандай маман иелері болатындығы жайында сұқбаттасты. Ақыл жастан, асыл тастан демекші студенттеріміз мамандық таңдау жолындағы ой- пікірлерімен бөлісті.