“Алтын күз” » Сұптай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұптай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2023

“Алтын күз”

Жетісу облысы, Панфилов ауданы “Сұптай орта мектебі” КММ-де Өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен қазан айының 27 күні 6-9 сыныптар арасында “Алтын күз” меркелік кеші өткізілді.
Мақсаты: күз мезгілінің ерекшелігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу; оқушылардың қоғамдық өмірге- мәдени көпшілік шараларға белсенді қатысуына ықпал ету, бос уақытын тиімді пайдалану. Барлық қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әдемі үлгідегі киім киіп, өздерін таныстырып, сұрақтарға да барынша белсенді жауап беруге тырысты.Соңында әділқазы алқалары қатысушылар арасынан “Күз ханзадасы мен “ Күз ханшаймын “ анықтады. “Күз ханзадасы” 9 сынып оқушысы Әбен Иляс, “ Күз ханшайымы” 6 сынып оқушысы Маруп Кәусар иеленді. Нәтижесінде байқау жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар  Касіподақ ұйымының демеушілігімен ақшалай сыйақы табыстады.