ӨМІРДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ АУТОДЕССТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ » Сұптай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұптай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӨМІРДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ АУТОДЕССТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ
13
апрель
2023

ӨМІРДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ АУТОДЕССТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Жетісу облысы Панфилов ауданы "Сұптай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 04.04.2023 жылы 8,9,10,11 -сынып оқушыларымен ШЖҚ " Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы "КМК психологы Қожабаева Құралай Мұратханқызы және мектеп психологы Койшибаева Айдынгул Мухаметмолдақызы "ӨМІРДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ АУТОДЕССТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ" атты психологиялық тренинг өткізді. Тренингке мектеп ұстаздары да қатысты. 
«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда-қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.
Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністерін айтуға болады. 
Мақсаты: Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.
Тренинг те оқушыларды ортаға шығарып олармен түрлі психологиялық ойындар ойнатылды:
1.Таныстық тренингі 
2.Кедергілерден өту ойыны 
3.Біз әр түрліміз ойыны 
4.Әріптерді бейнелеу ойыны 
5.Жігер деген мен боламын ойыны. 
Өмір шексіз бейне фильмы көрсетілді. 
Тренинг барысы:
Психологиялық бағыт беру.
Тренинг соңында  оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, Құралай Мұратханқызы мен Айдынгул Мухаметмолдақызына тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.