Үздік мұғалім » Сұптай орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұптай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үздік мұғалім
21
февраль
2024

Үздік мұғалім

"Сұптай орта мектебі"  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 
жыл сайын дәстүрлі «Үздік мұғалім » байқауы өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау,олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру. Білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау міндеті болып табылады.
 Байқау ережесіне сәйкес, бақ сынаған ұстаздарымыз өз білімі мен біліктерін сарапқа салды. Нәтижесінде «Үздік мұғалім-2024» байқауының 1 орын иегері математика  пәнінің мұғалімі Баймұқа Сұлуай Бақдәулетқызы алды . Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Құнанбаев марапат иелеріне бағалы сыйлықтар тапсырды.
Шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз — берік, келешектеріңіз — кемел болсын дегіміз келеді.